Сириядағы бірнеше қазақстандық елге оралу туралы өтініш жасады - СІМ

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Соғыс өртіне оранған Сириядағы бірнеше қазақстандық елге оралуға көмек сұрап, өтініш жасады.

Сириядағы бірнеше қазақстандық елге оралу туралы өтініш жасады  - СІМ

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Бүгінгі күні Сирияда уақытша және тұрғылықты тұрып жатқан қазақстандықтардың саны 150 адамды құрап отыр. Олардың басым бөлігі Сирия азаматтарымен некеде тұрғандарды құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша осы елдегі 50-ден астам Қазақстан азаматы Отанына оралған болатын. Тағы бірнеше азамат туған жерлеріне оралуға көмек көрсету туралы өтініш жасап отыр», - дейді А. Әбибуллаев.

Оның айтуынша, Үкіметтен қарастырылатын қаражатқа сәйкес, олардың бәріне көмек берілетін болады. Бұл ретте ресми өкіл Қазақстанның Иорданиядағы Сирия жөніндегі дипломатиялық өкілдігі  еліміздің азаматтарымен ұдайы байланыста екендігін мәлімдеді.