Сириядағы химиялық қаруды жоюдың жоспары бекітілді

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Сириядағы жаппай қырып-жоятын қаруды құртудың жоспары бекітілді, деп жазады ria.ru. Хабарламада айтылған мәліметке қарағанда, химиялық қаруды жою 2014 жылдың ортасында толық аяқталады.

Сириядағы химиялық қаруды жоюдың жоспары бекітілді

Бұл туралы Химиялық қаруды жою жөніндегі ұйымның атқарушы кеңесі хабарлады. Жоспар бойынша химиялық заттардың ең қауіптілері осы жылдың аяғына дейін ал басқа материалдар келесі жылдың 5 ақпанына дейін араб елінен шығарылады. Бірақ қаруды жою жөніндегі ұйым таратқан ақпаратта химиялық қару қай елдің аумағында жойылатыны айтылмаған. Ресми Дамаскінің мәліметінше, Сирияда 1300 тонна химиялық зат пен қолданылмаған 1200 дана оқ-дәрі бар.