16:16, 05 Қазан 2013 | GMT +5
Сириядағы қақтығыстан 20-ға жуық адам қаза болды
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Сирияның солтүстігінде Хасеке провинциясында жұма күні джихадшылар мен ислам радикалды оппозиция ұйымдарының содырлары мен күрттер жасағының арасында басталған қақтығыстан 18 адам қаза болды, деп хабарлайды араб БАҚ-тарына сілтеме жасап ресейлік жаңалықтар қызметі.

Олардың мәліметіне қарағанда, «Ирак және Левант ислам мемлекеттерінің» содырлары мен басқа радикалды ұйымдар жұма күні таңертең «Халық қорғаны» позициясына Хасеке провинциясының Сафа кентінің маңында шабуыл жасаған. Күрт содырларынан бұл қақтығыста 4 адам мерт болған, ал шабуыл жасағандардан 14 адам құрбан болды.
Еске сала кетейік, күрттер мен ислам содырлары және Сирияның еркін әскері оппозициялық жасақтарының арасындағы қақтығыс өткен жылдың қарашасынан бері жалғасып келеді. Онда оппозициялық күштер күрттер орналасқан елдімекендерде өз бақылауын күшейткен болатын. Әскери қаруланған қақтығыс салдарынан екі жақтан барлығы 40 адам құрбан болды. Содан бері осы ауданда шиеленіскен жағдай сақталып отыр.