Сириядағы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - СІМ

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАпарат -  Сириядағы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ.

Сириядағы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен  қазақстандықтар жоқ - СІМ

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен болған брифингте мәлім етті.

«Біздің Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшілігімізден Сириядағы оқиғалар кезінде мерт болған немесе зардап шеккен қазақстандықтар туралы ешқандай мәлімет түскен жоқ. Сонымен қатар, әлемнің басқа да мемлекетерінде болып жатқан, нақтырақ айтқанда Мальдивы  аралдарында болған тәртіпсіздіктерден жапа шеккен қазақстандық туристер жоқ», - деді ресми өкіл.