01:15, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Сириядағы президент сайлауында Башар Асад жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириядағы президент сайлауында 88,7% дауыс жинаған Башар Асад жеңді. Бұл туралы 4 маусым күні кешке Сирияның парламент төрағасы Мұхаммед Әлахам мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Қазіргі мемлекет басшысына 11,6 млн сайлаушылардың 10,2 миллионы дауыс берді. Бұл барлық дауыс берушілердің 88,7 пайызы, деп хабарлады парламент спикері.