Сириядағы соғыстан 100 мыңнан астам адам қаза тапқан
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Британдық Observatory for Human Rights құқыққорғау ұйымының мәліметіне сүйенсек, Сириядағы әскери қақтығыстың кесірінен екі жылдың ішінде 100 мыңнан астам адам қаза тапқан. Бұл жайында muslim.kz сайты «Рейтер» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Құқыққорғаушылардың есептеуінше, өлгендердің кем дегенде 18 мыңы - көтерілісшілер, 40 мыңы - үкіметтік әскердің сарбаздары. Қалған 42 мыңы - бейбіт тұрғындар.
Негізінен, қаза болғандардың саны бұдан да асып жығылады. Себебі, құқыққорғаушылардың санағына тек құжаттық куәлігі барлар ғана іліккен.