Сириядағы толқулар: 24 адам қаза тапты

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Ливия көшбасшысы Каддафидің өлімі Сирия президенті Асад қарсыластарын рухтандырған сыңайлы.

Сириядағы толқулар: 24 адам қаза тапты

Сирия белсенділерінің мәліметінше, елдің түрлі қалаларында жұма күнгі дәстүрлі ғибадаттан кейін жалғасқан көшедегі наразылық шараларында кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Жергілікті үйлестіру комитетінің хабарлауынша, адам шығыны ең көп болған қала - Хомс.

Ел арасында айтылып жүргендей, полковник Каддафидің өлімі жұма күнгі мінәжаттан кейін үкіметке қарсы іс-шараларды үнемі ұйымдастырып отыратын оппозиция жақтастарының іс-қимылын одан сайын ушықтыра түскен.

Наразылық танытушылар президент Башар Асадтың билігін тоқтатып, демократияның орнауын талап етуде.