Сириядан қазақстандық екі отбасы эвакуацияланды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше, 20 ақпанда Сирия Араб Республикасынан қазақстандық екі отбасы эвакуацияланды, деп хабарлады Иорданиядағы ҚР елшілігінен.
None
None

Қарулы шиеленіс басталғанша Алеппо қаласында тұрып келген олар жағдайдың одан әрі ушыға түсуіне байланысты және тұрып жатқан аудандарында үйлерінен айрылған соң Қазақстанға кету туралы шешім қабылдаған. Айта кетерлік жайт, Алеппо екіжақты теке-тіресте аса ауыр шайқастар жүріп жатқан қалалардың бірі. Қазіргі уақытта Сириядағы қарулы қақтығыс салдарынан 70 мыңнан астам адам қаза тапты.

Жалпы осы күндері Сириядан Қазақстанға аттандырылған отандастарымыздың жалпы саны 150-ден асты. Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшілігі қазақстандық азаматтарды Сириядан шығару жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ Ливандағы өкілдік пен Түркиядағы елшілік те бұл бағыттағы іс-шараларда ауқымды көмек көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар