15:02, 25 Сәуір 2013 | GMT +5
Сириядан Ресейдің және ТМД-ның 100-ден астам азаматы көшірілді
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ресейлік ТЖМ-ға тиесілі екі ұшақ Сирия халқына арналған 23 тонна гуманитарлық көмекті Латакияға жеткізді.
РФ СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кері рейспен Сирияда тіршілік кешіп келген, қақтығыс аймағынан кетіп, отандарына оралуға ниет білдірген ресейлік азаматтар мен олардың отбасы мүшелері және ТМД мемлекеттерінің бірқатар азаматтары Мәскеуге келді. Жалпы РФ ТЖМ ұшақтары арқылы Сириядан 104 адам жеткізілген.