Сириядан тағы бір қазақстандық азаматша екі баласымен елге көшірілді
ӘБУ-ДАБИ. 14 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық дипломаттардың күшімен Сириядан тағы бір ҚР азаматшасы екі баласымен отанына жіберілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Йорданиядағы Елшілігінен.
Аммандағы қазақстандық елшіліктің мәліметінше, Аллеппо қаласынан (Сирияның солтүстігі) отандасымыз Гүлизар Мамедова екі баласымен Қазақстанға көшірілді. Арнайы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, ҚР азаматшасына Алматыға әуе билеті алынды. Алматыдан Г. Мамедова анасы тұратын Шымкентке аттануды жоспарлап отыр.
Г. Медованың айтуынша, Аллепподағы жағдай күрт нашарлады. Дамаскінің билік күштеріне қарсы соғысып жатқан әртүрлі топтар көбейді. Ал жерілікті халыққа кімнің кім екенін айыру қиынға соғуда.