16:15, 25 Сәуір 2013 | GMT +5
Сирияға қарсы ақпараттық, дипломатиялық, саяси, әскери науқан жүруде - Сирия өкілі
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Сириядағы ахуал қатты үрей тудырады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Еуразия медиа форумында Сирияның Ақпарат министрлігінің департамент директоры Нәбил Омран айтты.
«Сирияда қанқұйлы соғыс болып жатыр. Елде инфрақұрылым күн өткен сайын қирап жатыр. Атап айтқанда, бұл тұрғыда қазіргі соғыс екі бағытта жүруде. Мәселен, сириялық әскер мен содырлар арасында қақтығыс болып жатыр. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарына орын алған майдан да бар. Сирияға қарсы ақпараттық, дипломатиялық, саяси, әскери науқандар жүруде. Қазіргі кезде Сириядағы ахуал қатты үрей тудырады»,-деді ол.
Н. Омранның пайымдауынша, барша әлемнің көптеген елдері Сирияға қарсы соғысып жатыр. «Бүгінде Сирияға 70-тен астам ел қарсы тұр. Бұл өте үрейлі», - дейді ол.