Сирияға өтпек болған Өзбекстан азаматын АҚШ 15 жылға соттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк соты Өзбекстан азаматы Абдрасул Джурабоевты «Ислам мемлекеті» террористік ұймының қатарын толықтырмақ болғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы жұма күні АҚШ-тың Әділет министрлігінң сайтынан мәлім болды, деп жазады ТАСС. 

Сирияға өтпек болған Өзбекстан азаматын АҚШ 15 жылға соттады

«Айыпталушы «ИМ» ұйымының мүшесі бола отырып, қастандық әрекеттерге бармақшы болды және ол өзінің қанқұйлы әрекеттерін АҚШ аймағында да одан тыс жерлерде де жүзеге асыруға дайын»,-деп келтірген баспасөз-баянында прокурордың орынбасарының сөзін.

Сондай-ақ онда 2014 жылы Джурабоветың өзбек тіліндегі сайтта өзінің жанкешті болуға дайын екенін және сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманы өлтіргісі келетіндігін айтып, хабар қалдырғандығы жазылған.

Арнайы таратылған ақпараттарда Джурабоевтың 2015 жылдың наурыз айында Нью-Йорктан Стамбулға жетіп, одан әрі Сирияға бармақ болғандығы айтылады. Осы жылдың 14 тамызында ол өзінің кінәсін мойындаған.