Сириялық көтерілісшілер елдің шығысындағы ірі қаланы бақылауға алды

АСТАНА. KAZINFORM – Сирия үкіметін құлатқан көтерілісшілер елдің шығысындағы күрдтер басқаратын және АҚШ қолдау көрсететін «Сирияның демократиялық күштері» альянсымен болған шайқастан кейін шығыстағы Дейр-эз-Зор қаласын бақылауға алғанын мәлімдеді.

Сирийские повстанцы взяли под контроль крупный город на востоке страны
Фото: @ThomasVLinge видеосынан скриншот

«Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ – Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред. ескерт.) тобының аға қолбасшысы Хасан Абдул-Гани Сирия оппозициясының күштері Дейр-эз-Зор қаласы мен әскери аэродромды толық бақылауға алғанын айтты.

Сондай-ақ, жақын маңдағы стратегиялық маңызы бар әл-Букамал қаласының да оппозициялық күштердің қолына өткені хабарланды.

– Біз Ракка, Хасака және Сирияның шығысындағы басқа аудандарға қарай ілгерілейміз, – дейді ХТШ жауынгерлері.

Сондай-ақ, сейсенбі күні СДК құрамындағы «Дейр-эз-Зор әскери кеңесі» коалициядан шығатынын жариялаған.

Сирия демократиялық күштері (СДК) – 2015 жылдың қазан айында құрылған Сирияда әрекет ететін қарулы топтардың альянсы. СДК күрд, араб, ассириялық және басқа да этникалық және діни топтардан тұрады және оның негізгі бөлігі – күрдтердің «Халықтық қорғаныс отряды» (YPG). Түркия YPG-ді  террор ұйымы деп санайды.

Осыған дейін Израильдің Сирияға шабуылды күшейткенін жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар