21:02, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Сириялық әскерлер Хомс орталығын бақылауға алды
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Сирия елінің қауіпсіздік күштері әскери қызметшілердің Хомс қаласының орталық ауданы - Баба Амрдың бақылауға алғанын хабарлады.

Бұл туралы батыстың ақпараттық агенттіктері хабарлайды, деп жазады Утро. ру.
Сирияның әскери басшылығының өкілдері таяудағы бірнеше сағатта ауданның лаңкестерден «тазартылатынын» мәлімдеді. Қазіргі уақытта әскери бөлімшелер қару және бүлікшілерді табу мақсатында кварталдарды аралап, үйлер, жертөлелер мен жерасты өткелдерін тексеріп жатыр.
Бұған дейін құқық қорғаушылар Хомстағы қарулы қақтығыстар барысында ақпан айынан бастап жүздеген адамның қаза тапқанын жариялаған болатын. БҰҰ-ның мәліметтерінше, Сирияда өткен жылдың наурыз айынан бастап 7,5 мыңнан астам адам қаза тапты.