Сириялық босқындар суықтан әбден тоңып отыр
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқарат - Идлибтегі Атмах лагерін паналаған сириялықтар қыстан шығу үшін қажетті нәрселерді табудың өзі мұңға айналғанын айтып отыр.
muslim.kz мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта лагерде азаматтық соғыстан бас сауғалаған 12 мың сириялық тұрып жатыр. Босқындар лагерінде электр қуаты, су құбыры атымен жоқ. Бәрінен бұрын, жылудың жетіспеушілігінен зардап шегіп отыр. Есімін атағысы келмеген Атмах лагерінің бір тұрғыны, Associated Press тілшілеріне берген сұхбатында жағатын отынның аздығын айтып, мұңын шаққан.