«Сириялық электрондық әскер»: Microsoft корпорациясы Outlook -тағы ақпараттарды үкіметке сатып отыр
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - «Сириялық электронды әскер» (Syrian Electronic Army) хаккерлер тобы Twitte микроблогы желісіндегі американдық компания Microsoft-тың аккаунтын бұзды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Хакерлер корпорацияның парақшасында корпорацияның өнімдеріне бойкот жариялауға шақырды. Твиттердің бірінде: « Hotmail және Outlook пошталық қызметтерін қолданбаңдар, олар сендердің ақпараттарыңды бақылап, үкіметке сатып отыр», - деп жазылған. Аталған топ өкілдерінің бірі Mashable басылымына түсініктеме бергенде Microsoft мәліметтерді АҚШ-тың барлау қызметіне және өзге де үкіметтік мекемелерге сатып отырғанын мәлімдеді. «Бұл тек басы. Біз осы мәлімдемемізді дәлелдеу үшін тағы да ақпараттар алуға тырысамыз. Microsoft бізге жау емес, бірақ олардың істеп отырғандарына бейжай қарап отыра алмаймыз», - деп қосты ол.