Сириялық генерал мен 33 сириялық әскери Түркияға қашып кетті

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Сирияның үкіметтік әскерінің бір генералы, екі полковнигі, екі майоры, бір лейтенанты мен 33 қатардағы сарбазы Түркияға қашып кетті.

Сириялық генерал мен 33 сириялық әскери Түркияға қашып кетті

РБК Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, әскери қызметкерлер қазіргі ел президенті Башар Асадтың режиміне қарсылық көрсету белгісі ретінде Сириядан қашып кетуге бел буған. Расталмаған ақпаратқа зер салсақ, әскери қызметкерлер отбасыларының  мүшелерімен бірге, бас-аяғы 224 адам жат жерге келген.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың наурыз айынан бастап Сирияда жергілікті оппозиция мен үкіметтік әскерилер арасында қақтығыстар орын алып келеді. 12 мыңнан астам адам қақтығыстардың құрбаны болды. БҰҰ-ның ақпаратына көз жүгіртсек, 1,5 млн.-нан астам сириялық гуминарлық көмекке зәру. Мыңдаған бейбіт сириялықтар елдің аумағынан кетіп, Түркияға қоныс аударуда. Түркия өз кезегінде босқындарға еш наразылық көрсетпей, оларды елге кіргізіп отыр.