Сириялық хакерлер Барак Обаманың Twitter желісіндегі парақшасына шабуыл жасады

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - «Сириялық электрондық әскер» деген атауға ие хакерлер тобы Барак Обаманың Twitter-дегі парақшасын бұзғандықтарын мойындарына алды.

Сириялық хакерлер Барак Обаманың Twitter желісіндегі парақшасына шабуыл жасады

Бұл топ Обаманың атынан жіберілген хабарламаларда бар сілтемелерді ауыстырып тастаған.

«Сириялық электондық әскер» осыған дейін Башар Асадты қолдайтындарын мәлімдеп, бірнеше рет әлеуметтік желілерді бұзу жөнінде жауапкершілікті мойындарына алған болатын. Топтың мәлімдемелерінің бірінде: «Обаманың барлық әлемге тыңшылық жасайтындай ешқандай адамгершілік құқығы жоқ, сол себепті біз осы істі қолға алдық», делінген. БАҚ хабарламаларына қарағанда, парақшаға бұзып кіру оқиғасына байланысты, оған кіруге уақытша тосқауыл қойылған. Қазір ол қайта қалпына келтірілді, деп жазады РБК.