Сириялық қаланың ислам мемлекетінен азат етілген тұрғындары сақалдарын қырып, никабтарын өртеді
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сириялық Манбидж қаласының ислам мемлекеті содырларынан азат етілген тұрғындары сақалдарын қырып, никабтарын өртеді.
Арабтардың БАҚ хабарламасына сәйкес қаланың жүздеген тұрғындары «Ислам мемлекетінен» азат етілуін мерекелеп, ұзын сақалдарын қырықты, сириялық әйелдер никабтарын өртеді.
Еске салсақ, 12 тамызда АҚШ басшылығымен халықаралық коалиция Манбидж қаласын «Ислам мемлекетінің» содырларынан азат еткенін жариялаған.
АҚШ қорғаныс хатшысы Эш Картердің айтуынша, қаланы азат ету ИМ-ға қатысты науқанда маңызды қадам болып табылады. Қаланың стратегиялық маңызы бар.