Сириялық оппозиция «Женева-2» конференциясына қатысудан бас тартуда

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Сириялық ұлттық конгрес құрамындағы оппозицияның негізгі тобы Женевада өтетін Сириядағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі конференцияға қатысудан бас тартатындықтарын мәлім етті.
None
None

«Сирияның оппозициялық күштері коалициясындағы ең ірі блок болып есептелінетін Сириялық ұлттық кеңес қазіргі шартпен Женеваға бармау туралы мығым шешімді ұстануда», - деп мәлім етті Сириялық ұлттық кеңес президенті Джордж сабра «Франц-пресс» агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, халықаралық қоғамдастық Сириядағы шиеленіскен ахуалды жақын арада бейбіт жолмен шешу үшін «Женева-2» деп аталатын халықаралық конференция өткізуге ниеттестік танытып отыр. Дегенмен, бірнеше ай бойы бұл кездесуді өткізу кейінге қалдырылып келеді. Бірақ, Ресей мен АҚШ көшбасшылары қараша айының ортасында мүдделі тараптарды келіссөз үстеліне отырғызу үшін бар күш-жігерлерін жұмсауда.

Сириялық оппозицияның аталған алқалы жиынға қатысу үшін қойып отырған шарты - қазіргі Сирия президенті Башар Асадтың биліктен кетуі.

Соңғы жаңалықтар