Сириялық төрт сарбаз Израильдің зымыранмен шабуылынан қаза тапты
АММАН. ҚазАқпарат – Дамаск маңында Израильдің зымыранмен шабуылы салдарынан сириялық төрт сарбаз қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі AlJazeera-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы және шабуыл кезінде келтірілген материалдық залал жайында Сирия қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.
Зымырандар Израильдің солтүстік-шығысындағы Тиверия қаласынан ұшырылған. Олардың басым бөлігін сириялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі қағып түсірген, деп хабарлайды SANA агенттігі.
Израиль әскерінің өкілі шабуыл туралы хабарламаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.