Сириялық жауынгерлер үкіметтік әскер шебіне ауқымды шабуыл басталғандығын жариялады

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Сириялық жауынгерлер үкіметтік әскер шебіне ауқымды шабуыл басталғандығын жариялады,

Сириялық жауынгерлер үкіметтік әскер шебіне ауқымды шабуыл басталғандығын жариялады

деп хабарлады Утро.ру.

Бұл туралы ақпаратты күні кеше көтеріліс жасап отырған еркін армия таратқан. Мәлімдемеде бұл іс-қимылдар президент Башар Асад режімі жасаған қырғын мен қарақшылық қылмыстарға жауап болатындығы айтылған.  Екі күнге созылған ұрыстардан кейін көтерілісшілер Дамаскінің 2 ауданын басып алып, шеп құрғандықтарын әрі бұл оқиға билік басындағы режімді құлатудағы жаңа сәтке айналатындығын  жария еткен. Ал үкімет жақтастары ұрыстардың болғандығын жоққа шығарып, лаңкестік топтардың еш уақытта да Дамаскіні басып ала алмайтындықтарын мәлімдеді.