Сириялық жазушы Қазақстан туралы кітап жазуға ниетті

АСТАНА. Ақпанның 15-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сириялық жазушы Исмаил Марвудың «Суад ас-Саббахтың лирикалық поэзиясындағы субъективизм» атты еңбегінің таныстырылымы болды,

Сириялық жазушы Қазақстан туралы кітап жазуға ниетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

И.Марвудың айтуынша, оның еңбегі алғаш рет шетелде басылып отыр. Еуразия ұлттық университетінің жанындағы баспаханадан жарыққа шыққан кітап орыс және араб тілдерінде жазылып, Куәйттің белгілі ақыны Суад ас-Саббахтың шығармашылығына арналған. «Сондай-ақ мен бұл кітапта ғұлама әл-Фараби туралы жазғанмын», - дейді И.Марву.

Автордың сөзіне қарағанда, алдағы уақытта ол Қазақстан туралы арнайы кітап жазбақ ниетті. «Менің бұл еңбегімді аударатын адам табылатын болса, мен сол кітапты Дамаскіден басып шығаруға даярмын», - дейді И.Марву.

Іс-шара аясында сириялық жазушыға құрмет көрсетіліп, «Еуразия ұлттық университетінің құрметті докторы» ғылыми дәрежесі салтанатты түрде табысталды.