Сирияның Алеппо қаласында үкімет күштері мен күрдтер арасында қақтығыс басталды

АСТАНА.KAZINFORM - Азамат соғысы кезінде сириялық күрдтер елдің солтүстік-шығысының көп бөлігінде сонымен қатар Алеппода автономиялық аймақ құрды, деп хабарлайды BBC.

р
Фото: SANA

Дамасктегі жаңа билікпен жасалған келісімге сәйкес, күрд қарулы күштері, Сирия демократиялық күштері (SDF), 2025 жылдың соңына дейін Сирия армиясымен бірігуі керек еді. Екі тарап та бұл жоспардың сәтсіздігі үшін бір-бірін кінәлайды.

Сейсенбіде Алеппоның екі күрд ауданында артиллериялық қақтығыстар басталды. Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, бірінші күні алты адам қаза тапты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, түнде салыстырмалы түрде тыныштық орнады, бірақ сәрсенбіде шайқас қайта басталды. Алеппо денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, кем дегенде тағы төрт адам қаза тауып, 18 адам жараланған.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда Сирия Асад режимінің құлатылғанына бір жыл толуын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар