Сирияның оңтүстігіндегі Эс-Сувейда тұрғын алқабын дрондар шабуылдады
АСТАНА. KAZINFORM — Дамаск уақытша үкіметінің қолдауымен араб тайпаларының отрядтары Сирияның оңтүстігіндегі Эс-Сувейда қаласының друздар тұратын оңтүстік-батыс аудандарын атыс қаруымен және дрондармен шабуылдады, деп хабарлайды Sham TV.
Әзірге бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар немесе жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Друздардың өзін-өзі қорғау күштері 21 және 28 қазанда Эс-Сувейдаға жасалған шабуылдарды тойтарып, бірнеше дронды атып түсірген. 17 қазанда Ура және Хирбет-Самар елді мекендерінде қарулы қақтығыстар тіркелген.
Дамаск билігі друз қауымының баскөтерерлеріне 19 шілдеден бастап енгізілген атысты тоқтату режимін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертті.
Араб сарбаздары мен друз таулы халқы арасындағы қақтығыс шілде айының ортасында басталған. Asharq al Awsat газетінің мәліметі бойынша, қақтығыстардан 1,6 мыңнан астам адам қаза тауып, оңтүстік аудандардағы су, электрмен қамтамасыз ету желілері үзіліп, азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай тапшылығы туындаған.
Айта кетейік, Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйенсек, Сирияны қалпына келтіруге шамамен 216 млрд доллар кетеді.