Сирияның уақытша президенті зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Сирияның уақытша президенті Ахмад аш-Шараа бұрынғы үкіметке қатысы бар қарулы топтарды қару-жарақтарын тапсыруға, ал жаңа үкіметке адалдарды бейбіт тұрғындарға шабуыл және тұтқындарға қиянат жасамауға шақырды, деп хабарлайды Kazinform Euronews арнасына сілтеме жасап.

Ахмад аль-Шараа
Фото: vaomos.news

– Этикамызды бұзған кезде біз жауымызбен бірдей деңгейге түсеміз. Құлаған режимнің қалдықтары өзіміздің заң бұзушылықтарымыздың артына жасырынуға себеп іздейді, - деді ол.

Жаңа (Хаят Тахрир әш-Шам) жақтастар мен құлаған үкімет арасындағы қақтығыстар желтоқсанның басында Башар Асад биліктен кеткеннен бергі зорлық-зомбылықтың ең ауыр көрінісі болды.

Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығының мәліметінше, ұрыс басталғаннан бері 200-ден астам адам қаза тапты. Оның ішінде Асадқа адал 120 жауынгер және жаңа үкімет күштерінің 93 жауынгері бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сирияның бірнеше қаласында жағдай шиеленісіп, түрлі топ өкілдері арасында қақтығыстар жүріп жатқанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар