Сирияның Алеппо провинциясында ғимарат құлап, 16 адам қаза тапты

None
ДАМСК. Синьхуа – ҚазАқпарат – Жексенбі күні Сирияның сотүстігіндегі Алеппо провинциясында тұрғын үйдің құлау салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шейх-Максуд ауданында орналасқан негізінен күрдтер тұратын 5 қабатты ғимарат фундаментінің су шаюы салдарынан құлаған.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, үйде 7 отбасы тұрып келген.

Сана мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар әлі аман қалғандарды іздестіріп жатыр.


Фото: Reuters


Соңғы жаңалықтар
telegram