Сирияның Дабик қаласы содырлардан азат етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия оппозициясының қарулы жасағы Түркия әскерінің қолдауымен Дабик қаласын содырлардан азат етті, деп жазады «Хабар 24».
None
None

Шаһарды екі жыл бойы уысында ұстаған «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мұнда көптеген миналар қойып тастаған. Қазір жауынгерлер оларды залалсыздандырумен айналысып жатыр.

Айта кеткен жөн, тамызда Түркия әскері Сирия оппозициясының қатысуымен «Ирак пен Левант лаңкестік тобына» қарсы арнайы операция бастады. Сол кезде сарбаздар екі елдің шекарасындағы Джераблус қаласын азат етті. 

Соңғы жаңалықтар