Сыртқы істер министрі Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу шешімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян елдің ҰҚШҰ-дан шығу шешімі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды armeniatoday.

Сыртқы істер министрі
Фото: armeniatoday.news

«Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-дан қашан шығу керектігін шешеміз деді. Тиісінше, премьер-министр Арменияның ҰҚШҰ-дан шығатыны туралы хабарлады деген қорытындыға келгендер қателеседі», - деп мәлімдеді Мирзоян парламентте.

Оның атап өтуінше, парламент отырысы жазылып жатыр және Пашинянның сөздерін оңай тексеруге болады. 

Пашинян 12 маусымда парламентте өткен үкімет отырысында Таулы Қарабақтағы 44 күндік соғыстағы жеңіліс пен қазіргі жағдайға жауаптылар туралы сұраққа жауап бере отырып, «көпіршік альянс» тудырғандардың кінәсін атап өтті, бұл ретте олардың кім екенін атаған жоқ. 

Армения неліктен ҰҚШҰ-дан шықпайды деген сұраққа премьер-министр «қашан шығу керектігін билік шешеді» деп жауап берді.

«Көпіршік альянс» түрін құрғандар кінәлі, олардың мүшелері шарттық міндеттемелерін орындамай, Әзербайжанмен бізге қарсы соғысты жоспарлап отыр. Олар кінәлі... Бізді осымен қорқытып отырсыңдар ма? Біз дұрыс жасап отырмыз. Біз қашан шығатынымызды шешеміз», - деп ескертті Пашинян парламенттік оппозияцияға сөйлеген сөзінде.