Сыртқы істер министрі Душанбедегі қазақ жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстан Республикасына ресми сапарының екінші күні Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің монументіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

шоқ
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қазақстандық батырларды еске алуға іс-шарасына тәжік тарапының өкілдері, оның ішінде Тәжікстанның МҰҚК Шекара әскерлерінің ардагерлері мен зейнеткерлері кеңесінің төрағасы генерал-лейтенант Сафарали Сайфуллоев, сондай-ақ елордалық мэрия басшылығы келді.

гүл
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Душанбе қаласының басшылығына монументке ұқыпты қарағаны үшін алғыс айтып, азаматтарымыздың ерліктерін есте сақтауда одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.