Сыртқы істер министрлігіне дактилоскопиялық тіркеу өкілеттігі берілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

дактилоскопия
Фото: Рolisia.kz

Жаңартылған құжатқа сәйкес, Сыртқы істер министрлігінің ережесіне мынадай өзгерістер енгізілді:

  • азаматтық мәселелері бойынша өтініштермен жұмыс істеу тәртібі нақтыланды. Енді Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде азаматтықты алу, шығару немесе елге тиесілігін растау туралы өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін әзірлеп, бекітеді;

  • 167-тармақшаға қазақ тіліндегі мәтін бойынша өзгерістер енгізілді (орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалды);

  • жаңа 167-1-тармақша қосылды, онда Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыру өкілеттігі берілген.

Қаулы күшіне енді.

Бұған дейін Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін құжат жобасы талқылауға шығарылған еді.

Соңғы жаңалықтар