Қытай ШЫҰ банкаралық бірлестік мүшелеріне 1,4 млрд доллар несие береді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай ШЫҰ-ның банкаралық қауымдастығына (ХБА) мүше елдерге 10 миллиард юань (1,4 миллиард доллар) көлемінде жаңа несие береді. Бұл туралы Тяньцзиньде өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде сөз сөйлеген Қытай төрағасы Си Цзиньпин айтты.

ШЫҰ саммиті. Тяньцзинь, Қытай
Фото: Ақорда

Қытай төрағасының айтуынша, Қытайдың ШЫҰ-ға мүше басқа елдердің экономикасына салған инвестициясы 84 миллиард доллардан асты.

Си Цзиньпин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Даму банкін тезірек құруға шақырды.

Сонымен бірге ШЫҰ елдерінің экономикасының көлемі 30 триллион долларға жақындады.

Айта кетейік, 2005 жылдың қазан айында Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі банкаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.

Механизмнің негізгі мақсаты — ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері қолдайтын инвестициялық жобаларды қаржыландыру және банктік қызмет көрсету.

Бұған дейін Си Цзиньпин ШЫҰ әлемдегі ең ірі аймақтық ұйымға айналғанын айтты.

Айта кетейік, 30 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.

Осы орайда Kazinform тілшісі өткен бір жылдың ішінде Қазақстан Қытай экономикасына қалай кіріккенін шолып көрді.

Соңғы жаңалықтар