Сиязбек Далиев Еуропа чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Сиязбек Далиев пара жүзуден Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сиязбек Далиев Еуропа чемпионы атанды

Португалияның Мадейра қаласында 16-22 мамыр аралығында өтіп жатқан байрақты бәсекеге 47 елден 380 спортшы қатысуда.

Сиязбек баттерфляй стилінде 50 м қашықтықты 35,78 секундта жүзіп өтіп, бірінші орын иегері атанды.

Екінші орынды Украина спортшысы Ярослав Семененко (35,96) иеленсе, ал үздік үштікті ресейлік Игорь Плотников (37,33) түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Ұлыбританияда өткен әлем кубогында спортшымыз дәл осы қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.