«Сіз сөйлемей-ақ қойыңызшы!» - Сәкен Майғазиев

Аталмыш баспасөз мәслихаты 6 шілде - Астана күнінде «Қазақстан» концерт залында «МузАрт» тобының беретін концертіне байланысты болды.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Мейрамбек Бесбаев жақында үш домбырашыдан құралған «Тарту» атты топ құрып, сол топ арқылы күй жанрына көбірек назар аудара бастағанын мәлімдеді. «Мен өзімді керемет күйшімін деп атай алмаймын. Дегенмен осы топты құру арқылы қазақтың күмбірлеген күйіне аз да болса қызмет қылсам деймін», - деді ол.
Әншілер жоспарланып отырған концертте тек халықтың ықыласына бөленген әрі ескі, әрі есті әндер шырқалатынын баса айтты. Дегенмен, қоржындарында жаңа әндердің де жоқ емес екендігін жасырған жоқ. Тыңдарман қауым оларды концертте тыңдап, өз бағасын бере алады.
«МузАрт» тобы сол күні сағат 16.00-де және 20.00-де екі концертті қатарынан береді. Билеттер құны 3 мыңнан 12 мың теңге аралығында белгіленген. Оларды сату жұмыстарын Астана қаласының әкімдігі ұйымдастыруда.