Сіздер қайтпас қайсарлық пен өр рухтың арқасында Ұлы Жеңісті алып келдіңіздер - Қазақстан халқы Ассамблеясы

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы ардагерлер мен барлық қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды.
None
None

***

          Құрметті Ұлы Отан Соғысының  ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Қадірлі отандастар!

 Сіздерді Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 67 жылдығымен құттықтаймыз!

Бұл күні біз келешек ұрпақтың бақытты болашағы үшін Бейбітшілік пен Бостандықты қаһармандықпен сақтап қалған алдыңғы ұрпақ алдында бас иеміз.

Құрметті ардагерлер! Сіздер қайтпас қайсарлық пен өр рухтың арқасында Ұлы Жеңісті алып келдіңіздер. Сіздер жанқиярлық ерлікпен Отанға қызмет етудің үлгісін көрсеттіңіздер, Жеңіс жолындағы бірлік пен тұтастықтың маңызын паш еттіңіздер.

Сіздер баға жетпес батырлықпен қорғап қалған бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту - барлық Қазақстан азаматының қасиетті парызы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша Қазақстан халқын, соғыс қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін осы жарқын мерекемен құттықтайды.

Жеңіс күні Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және береке тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын, Сіздерге мың алғыс ардақты ардагерлер!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Астана қаласы, 2012 жыл.

Соңғы жаңалықтар