Сіздің басшылығыңыздағы 20 жылда бауырлас Қазақстан халқы қол жеткізген жетістіктер ауқымды және бірегей сипатқа ие -Қырғызтан Президенті Роза Отынбаева
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаева құттықтады,
деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,
Шын жүрегімнен Сізді Қырғызстан халқы атынан және жеке өз атымнан 2011 жылдың 3 сәуірі күні өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісіңізбен құттықтаймын.
Сіздің басшылығыңыздағы 20 жылда бауырлас Қазақстан халқы қол жеткізген жетістіктер ауқымды және бірегей сипатқа ие, Қырғызстан бұған шын жүректен қуанады.
Қырғызстан Республикасының Президенті
Роза Отынбаева