Сіздің бастамаңыз, қолдауыңыз, жебеуіңіздің арқасында бүгінгі күні Қазақстан - тез дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі - ҚР Президентіне құттықтаулар

«Біз өз елімізде Сіздей беделді көшбасшы барлығымен мақтанамыз, - деп жазады Алматыдан ұжымы атынан «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-ның бас директоры К.Усенко. - Біз Сіздің қарапайым еңбек ұжымынан шығып, лайықты өмір сүретін және еңбек ететін мықты мемлекет құрғаныңызды мақтан етеміз».
Мемлекет басшысын өздерінің еңбек ұжымдары атынан «Богатырь Көмір» БК бас директоры В.Щукин, Степногорск таукен-химия комбинатының бас директоры Виктор Белоусов құттықтапты. Құттықтаулар сондай-ақ Өскеменнен «Казцинк» ЖШС басшылары - президенті Николай Поповичтен, басқарма төрағасы Әлидар Өтемұратовтан және директорлар кеңесінің төрағасы Геннадий Зильбербергтен, сонымен қатар «АрселорМиттал Қазақстан» АҚ-ның үкіметпен жұмысты үйлестіру жөніндегі директоры Арман Қашқынбековтен келді.
«Біздің бәріміз әртүрлі істермен айналысудамыз, алайда бізді ортақ Отанымыз біріктіреді, - деп жазады «Павлодарлифт» ЖШС ұжымы атынан В.Котов. - Сіздің бастамаңыздың, қолдауыңыздың, көмегіңіздің арқасында, Қазақстан бүгінде әлемнің ең жылдам дамушы елінің біріне айналды».