«СҚ - Фармация» 2014 жылға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу науқанын бастады

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Бірыңғай дистрибьютор «СҚ - Фармация» ЖШС тегін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі тендерлік өтініштер салынған конверттерді ашу рәсімін бастады.
None
None

«Бүгін біз дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 2014 жылға сатып алуды бастадық. Біздің процедура бірегей десек те болады, яғни бірыңғай дестрибьютер оны ерекше өткізеді. Бүкіл ТМД аумағында бізде ғана ол 2 кезеңмен жүргізіледі», - деді аталған компанияның PR стратегиялық даму бөлімінің бастығы Марат Әбіхалиев.

Оның атап өтуінше, конкурсқа қатысу өтінімдері 20 күн бойы қабылданған. Дәрілік бұйымдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 691 атауына 52 млрд. теңге сомасына жарияланған тендерге қатысу үшін 50 әлеуетті жеткізуші өтініш берген. Тендер өткізу регламентіне сәйкес 10 күннен кейін алдын ала кезеңнің қорытындысы шығарылып, әлеуетті жеткізушілерге құжаттарын өткізу барысында жіберген қателіктерін түзетуге уақыт беріледі.

«Яғни, қатаң електен өткізу жоқ. Егер әлеуетті жеткізуші біліктілік талаптарында болмашы қателіктер жіберетін болса, онда оның қосымша қажетті құжаттарды ұсынып, өтінімін түзетуге әрі сай келтіруге мүмкіншілігі бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар