«СК-Фармация» ЖШС: Дәрігерлер көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әрдайым даяр тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «СК-Фармация» ЖШС қызметкерлері қазақстандық ақ халатты абзал жандарға кәсіби мереке қарсаңында құттықтау жолдады.
«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен "СК-Фармация" мекемесі атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Халық денсаулығы ол - Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі», - деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде ұлттық құндылығымыз - баға жетпес адам өмірін сақтауда, олардың толыққанды күшпен еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуында, сондай-ақ қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде медицина саласы қызметкерлерінің атқаратын істерінің маңызы зор», делінген хабарламада.
Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.
«Сіздердің осы салада елеулі еңбетеріңіз ерекше құрмет пен сенімге ие, себебі сіздерді әрқашан жоғары жауапкершілік, адамдарға қызмет жасау, көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әрдайым даяр тұру сияқты қасиеттер ерекшелендіріп тұрады. Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсібіңізге деген адалдығыңыз, азаматтардың денсаулығы жолында аянбай жасап отырған қызметтеріңіздің маңызы зор.
"Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы" сондықтан сіздерге, медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыңызға береке тілейміз.
Төл мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті медицина қызметкерлері!» делінген құттықтауда.