«СҚ-Фармация» ЖШС дәрілік заттар мен медициналық нысанды бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтады

Сомасы 52,3 млрд.теңгені құрайтын 737 жарияланған лотқа 58 әлеуетті жеткізуші өтінім берді.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу конкурсының айқындығын қамтамасыз ету үшін «СҚ-Фармация» ЖШС екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізеді.
Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу қағидасының негізіне Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік заттарын сатып алудың тиісті практикасының қағидаты жатыр. Бірінші кезеңде қолданыстағы заңнаманың көрсетілген талаптарына тендерлік өтінімдердің сәйкестігі тексеріледі. Екінші кезеңде төмендетуге арналған аукцион қағидаты бойынша ең төмендетілген баға айқындалады. Ескертулер болған жағдайда, компаниялар оларды белгілі бір мерзімде жоюы мүмкін.
«СҚ-Фармация» ЖШС басқарушы директоры, конкурстық комиссия төрағасы Андрей Якунин әлеуетті жеткізушілерге: «Бірыңғай дистрибьютор тек қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар көрсетіледі», - деп ескертті.
Рәсім аяқталғаннан кейін, бүгінгі күннен бастап және 3 қазанға дейін тендерлік комиссия тендерлік өтінімдердің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырады. Осыдан кейін 3 қазанда тендерлік комиссия «СҚ-Фармация» www.sk-pharma.kz веб-сайтында оны орналастыру жолымен ескертулері бар конверттерді ашу хаттамасын әлеуетті жеткізушілердің назарына жеткізеді.
6 қазанға дейін әлеуетті жеткізушілер тендерлік комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін тендерлік өтінімдерге қойылатын толықтыруларды ұсынады.
10 қазанда конкурстың екінші кезеңіне жіберілген әлеуетті жеткізушілердің тізбесі Бірыңғай дистрибьютордың веб-сайтында жарияланатын болады. 11 қазанда сағат 10.00-де конкурстық комиссия маңызды ұсынымдарды қабылдауды бастайды.
«Осы рәсім барынша айқын және әлеуетті жеткізушілердің негізсіз ауытқуларын болдырмаудың арқасында ең төмендетілген баға бойынша сапалы препараттарды таңдауға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді тендерлік комиссияның төрағасы.