«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Максим Касаткинді қамау мерзімі ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «СК-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Максим Касаткинді үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Максим Касаткинді қамау мерзімі ұзартылды

«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 15 тамызда күдіктіні үйқамақта ұстау мерзімін 15 қыркүйекке дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады», - деп мәлімдеді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Максим Касаткин 2017 жылғы 15 қыркүйекте ұсталған болатын. Ол 2015 жылы дәрілік заттар мен медициналық мақсатта пайдаланылатын заттарды заңсыз сатып алды деген күдікке іліккен.

Ал өткен айда Астана қаласы Алматы аудандық № 2 соты Касаткин Максим Евгеньевичке қатысты бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге, яғни 15 тамызға дейін үйқамақта ұстау жазасына ауыстырды.