«СКАТ» әуе компаниясының Утапао-Астана рейсі ұша алмай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - "СКАТ" әуе компаниясының Утапао-Астана рейсі ұша алмай жатыр. Бұл жайында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СКАТ»  әуе компаниясының Утапао-Астана рейсі ұша алмай жатыр

"СКАТ" әуе компаниясының Утапао-Астана бағытындағы VSV465 рейсі 11 наурыз күні Астана уақытымен сағат 17-00-де Б767 (тіркеу нөмірі UP-6703) әуе кемесімен орындалуы тиіс болатын. Қазіргі уақытта техникалық себептерге байланысты аталған рейс кешіктіріліп жатыр", - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, аталған рейстің 283 жолаушысына туристік операторлар ыстық тамақ пен қонақ үйден жатын орын ұсынған.

"2019 жылдың 12 наурызы күні Астана уақытымен сағат 4-00-де "СКАТ" әуе компаниясының VSV469 рейсімен Алматы-Пукет бағытында мамандар әуе кемесінің ақауын жою үшін жіберіледі", - деп атап өтеді комитеттен.