Skate Canada: Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 6-орынға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Лаваль аймағында өтіп жатқан Skate Canada Гран-при турнирінде қысқа бағдарламадан отандасымыз  Элизабет Тұрсынбаева əзірге 6-шы орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Skate Canada: Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 6-орынға ие болды

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы 61.19 ұпай жинады. Ал бірінші орында ресейлік Елизавета Туктамышева тұр. Ол қысқа бағдарламаны таза орындап, 74.22 ұпай жинады.

Екінші орында жапониялық Вакаба Хигучи (66.51), үшінші сатыда тағы бір жапондық Мако Ямашита (66.30) тұр.

Айта кетелік, қысқа бағдараламадан соң Элизабет Тұрсынбаева екі дүркін əлем чемпионы, ресейлік Евгения Медведевадан да биік тұр.

Бағдарламаны орындау кезінде құлап қалған Медведева жетінші орында.