06:28, 10 Шілде 2017 | GMT +5
«Скендербеу» бапкері «Қайратпен» болатын матчқа баға берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Албандық «Скендербеу» бас бапкері Илир Дайя Еуропа Лигасының екінші біліктілік айналымы аясында «Қайратпен» алда өтетін екі матч ойынға пікірін білдірді, деп хабарлады Sports.kz.

«Бұл оңайға соқпайды. Екі команданың да келесі айналымға өтуге мүмкіндігі бар. Егер біздің мүмкіндігіміз аз десеңіздер қателесесіздер. Біз «Қайратпен» ойынға әзірміз. Әрине, олар ойыншыларды жақсы іріктеп, екі рет «Атлантасты» сенімді түрде жеңді. Біз Қазақстанда жеңіске қол жеткізуге бар күшімізді саламыз, - деді И. Дайя.
Айта кетейік, «Қайрат» - «Скендербеу» алғашқы матчы Алматыда 13 шілдеде, қарымда ойын - 20 шілдеде Албанияның Корча қаласында өтеді.