Скляр қытайлық компания басшылығымен жел электр стансаларын салу жобасын талқылады

Скляр
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Power International Holding (CPIH) вице-президенті Ренагули Туэрдимен кездесті. 

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр мамыр айында Сиань қаласына (ҚХР) сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру жөнінде болды. 

Қытайлық компания Қазақстанның Жамбыл мен Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансаларын (ЖЭС) салу жобасын жүзеге асырып жатыр. 

Кездесуде жобаларды техникалық іске асырудың нақты мәселелері талқыланды. Олардың қатарында қосалқы стансаларды, қажетті қуаттарды дайындау және өлшеу рәсімдері қаралды. 

Соның нәтижесінде жобаларды қысқа мерзімде енгізу үшін қажетті техникалық процестерді жеделдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram