Келер жылы ИКАО президенті Сальваторе Шаккитано Қазақстанға келеді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың ИКАО EUR/NАТ аймақтық директоры Николас Ралломен кездесуі өтті, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі.

Роман Скляр
Фото: Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі

Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының аймақтық директоры Николас Ралло мырзамен кездесті. 

Роман Скляр
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Кездесу барысында ИКАО-мен ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтық авиация саласының тұрақты дамуы саласында ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2025 жылдың шілдесінде ИКАО Президенті Сальваторе Шаккитано мырзаның ресми сапары күтілетіні туралы айтылды.

Николас Ралло
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Айта кетейік, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 1944 жылы азаматтық авиация саласының жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған БҰҰ үкіметаралық мамандандырылған мекемелерінің бірі қазіргі уақытта 193 елді біріктіреді.

Бұған дейін Роман Скляр мен РФ энергетика министрі Сергей Цивилев энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар