СҚО әкімі аграршыларға талапты күшейтуге уәде етті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жамбыл ауданындағы қорытынды есептік кездесуде жекелей жергілікті ауылшаруашылық фирмаларының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Аудан әкімі Иван Турковтың есебі бойынша, ауыл шаруашылығы дамып келеді.
«Ауданда «Шатило и К», «Атамекен Агро» ЖШС-лары белсенді жұмыс істеп жатыр. Жалпы егін көлемі 99 мың гектардан (30%) асады. Жаңа агротехникалық іс-шараларды қолданудың арқасында астық өнімділігі мен дәнді-бұршақты дақылдар 21,4 ц/гектарды құрады. Өндірісті автоматтандыру қолданылуда», - деді И. Турков.
Өңір басшысы аграршылардың түбі белгісіз тұқымдарды қолданып, тыңайтқыштарды пайдаланбай, қалай түсім алатындарын түсінбеді.
«Біздің дамудағы басты әлеуетіміз - жеріміздің бай болуы. Жер - мемлекеттікі. Ол ауыл шаруашылығы құрылымдарына оны пайдаға асыру үшін жалға берілген. Тағы да ресми түрде мәлімдеймін, биыл барлық ауылшаруашылық өндірушілеріне талапты күшейтеміз», - деді ол.
Құмар Ақсақалов аудан әкіміне мал шаруашылығын дамытумен айналысуды тапсырды.