СҚО әкімі аппаратының лауазым иелері жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімі аппараты шаруашылық басқармасының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, олар алдын ала сөз байласу арқылы мердігерлік ұйым директорынан пара алмақ болған. Күдіктілер іс жүзінде орындалмаған жұмысты қабылдап, тиісті актілерге кедергісіз қол қойғаны үшін 2 млн 600 мың теңге сұраған.

Шенеуніктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, олар Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейіне байланысты сот шығаратын болады.

Облыстық әкімдік бұл ақпаратты растады.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған лауазымды тұлғалар – СҚО әкімі аппаратының «Шаруашылық басқармасы» КММ басшысы мен оның орынбасары. Оларға пара алды деген күдікке ілінді. Ведомствода қызметтік тексеріс СҚО әкімі аппаратының бастамасымен жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар