СҚО әкімі Азиада чемпионы Ринат Мухинді құттықтады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  СҚО әкімі Ерік Сұлтанов 2017-қысқы Азия ойындарының чемпионы - шаңғышы Ринат Мухинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО әкімі Азиада чемпионы Ринат Мухинді құттықтады

«Барлық солтүстікқазақстандықтар атынан Сізді елеулі жетістігіңіз - VIII қысқы Азия ойындарында алған алтын медаліңізбен құттықтаймын! Бұл Жеңіс қысқы нәтижелі жарыстардың лайықты жалғасына айналды. Шын жүректен мықты денсаулық, табыс, жаңа спорттық жеңістер тілеймін!» - делінген хабарламада.

Ерік Сұлтанов Ринат Мухин Азиадада алтын жүлде ұтып алып, қазақстандық жанкүйерлерге керемет көңіл-күй сыйлап, өскелең ұрпаққа үлгі бола білгенін атап өтті.

Ринат Мухин Саппорода өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында 15 шақырымдық жеке жарыста Қазақстан үшін алғашқы алтын медальді иеленді.