20:25, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
                                        СҚО әкімі балабақшадағы кезек мәселесін шешуге уәде берді
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 630 мектепке дейінгі мекеме орнын пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
                                        
                                        
                                     
                                              «Биыл білім беру саласындағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелерде орынмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Мектепке дейінгі 630 жаңа орынды пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 456,7 млн теңге бөлінген.